basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Шымкентте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың спорт арқылы ортаға еркін араласуына мүмкіндік беретін «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты – балаларды әлеуметтік ортаға белсенді тарту, спортқа қызығушылығын арттыру және өз қабілеттерін көрсетуіне жағдай жасау болды.

7 октября, 2026
in Спорт
0
ШЫМКЕНТТЕ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Фестивальге қала мектептерінің 200-ге жуық оқушысы қатысып, үш жас санаты бойынша бақ сынады. Балалар бочча, «Біз жеңімпаз боламыз!» көңілді старттары және жеңіл атлетикадан жарысты. Әр бағытта қатысушылар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және командалық жұмысын көрсетті.

Іс-шараның ашылуына «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, «Әйелдер қанаты» жетекшісінің орынбасары Рамиля Искандерова қатысты.

Мұрат Жолдыхожаев фестивальдің балалар үшін маңыздылығына тоқталып, спорттың инклюзивті ортаны қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

«Бала үшін спорт – тек жарыс немесе нәтиже емес. Бұл – өз күшін сынайтын, жаңа достар табатын, қатарларымен бірге уақыт өткізетін орта. Сондықтан әр баланың спортпен айналысып, өз құрдастарымен бірге жарысқа қатысуына мүмкіндік берген маңызды. Бүгінгі фестивальдің мәні де осында. Біз балалардың бір ортада еркін араласуына жағдай жасауымыз керек», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Фестивальді өткізуге «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты, «Шымкент қаласының бочча федерациясы» қоғамдық бірлестігі және қаланың Балалар құқығын қорғау, білім және спорт, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат басқармалары қолдау көрсетті.

Спорттық сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін шығармашылық және еркін қарым-қатынасқа арналған «Мейірім бұрышы» ұйымдастырылды. Балалар онда «Мейірім ағашына» өз тілектерін қалдырып, естелікке суретке түсті.

Фестиваль қорытындысында жүлделі орындарға ие болған қатысушылар диплом, медаль, кубок және сыйлықтармен марапатталды. Жарыста жеңімпаз атанғандар Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа қатыды.

Previous Post

ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАРИЯЛАР ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Next Post

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі