basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте Азиядағы ең ірі әмбебап ату кешені салынуда

Тамыз 5, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентте Азиядағы ең ірі әмбебап ату кешені салынуда
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу мүмкін болмақ.

Мамандардың айтуынша, «SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 14 гектарды құрайды. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«SHOOTING PLAZA» –  жобасы толыққанды жаттығу кезеңін ұйымдастыру және ату спорты түрлері бойынша Әлем чемпионаттары секілді ірі спорттық іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Спорт кешені Азия аймағындағы ең ірі ату кешені болатынын айта кету керек. Жобаның құрылысы  ату спортын одан әрі дамытуға үлесін қосады.

«SHOOTING PLAZA» құрылысы – Халықаралық спорттық ату Федерациясы мен Азия ату конфедерациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижесі.

Айта кетейік, ату спортының жүйріктері Токиодағы XXXIІ жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы екі лицензияны жеңіп алды. Бүгінгі таңда ату спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі құрамының  60% – ы Шымкентте тұрады.

 

Tags: 3 мегаполис«SHOOTING PLAZA»спортшымкент
Previous Post

Шымкент: Ынтымақ-2 шағын ауданына ауыз су жүйесі тартылып жатыр

Next Post

Шымкент: Абай ауданындағы 8 нысанда ауыз су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі