Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында қаладағы эпидемиялық жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша өткен тәулікте 43 науқас дертінен айыққан.
«5 тамыздағы эпидахуал бойынша – 5025 covid-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2572 симптомдық, 2453 симптомсыз. Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар – 14. Қазіргі таңда індеттен емделіп шыққан науқастардың саны – 3357. 1629 науқас емделуде, оның ішінде 94-і стационарда ем қабылдап жатыр» – деді Т. Варзилов.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан – 5 тамызға дейін пневмонияның 14312 жағдайы тіркелді, 10962 науқас емделді.
Провизорлық және инфекциялық стационарлар бойынша айтар болсақ, бүгінде қалада 2810 төсек-орын бар (инфекциялық төсек – 650, провизорлық төсек – 2160), оның ішінде бос төсек-орын саны 2087 құрайды.
Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша 211 мобильді топ ұйымдастырылып, олар 17 820 науқастың үйіне барып медициналық қызмет көрсеткен. Әр емханаға қосымша бір топтан жедел жәрдем көлігі жеткізілді.
Сондай-ақ, 53 182 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Тегін берілетін дәрілік заттарды медицина қызметкерлері үйлеріне жеткізіп берді.
Қазіргі уақытта дәрігерлер 1430 платформасы арқылы онлайн кеңес беріп жатыр. Онда 720 дәрігер тіркелген.