basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Асар-2 шағын ауданы толығымен ауыз сумен қамтылады

Тамыз 10, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Асар-2 шағын ауданы толығымен ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында орналасқан Асар-2 шағын ауданы 2021 жылы толығымен ауыз сумен қамтылады. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады.
«Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауыз суды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» – деген Гуля Спатайқызы аумақ тұрғындарының атынан келгенін жеткізді.
Бұл мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов «Асар-2» тұрғындарын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталғанын баяндады. Оның айтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350 млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңына дейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауыз су жүйесіне қосылады екен.
-«Асар-2» елдімекенін ауыз сумен толық қамтасыз етуге 1,5 млрд теңге қаржы керек. Бүгінгі таңда бюджет жылдың басында бөлінетін болғандықтан, ауданды толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары уақытша тоқтап тұр. Алайда, ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстарды жүргізуге бағыттаудың тиімді тұстарын қарастырамын. Бұл мәселе келесі жылы толық шешімін табады» – деді Мұрат Әйтенов.
Сондай-ақ, сала басшысына ауыз су жүйесін тартудың жоспарын қайта қарап шығу жөнінде нақты тапсырма берді.
Кезекті өткен онлайн қабылдауда бұдан өзге, Таскен, Тұран шағын аудандарындағы күрмеуі шешілмеген мәселелер көтерілді. Оған қала басшысы барлық мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін, жеке бақылауында екенін айтты. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар жүктеді.

Tags: 3 мегаполисАсар 2ауыз суМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: 6 айда 110 миллиардқа жуық инвестиция тартылды

Next Post

Шымкент: Провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі