basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар өтеді

Тамыз 10, 2020
in Мәдениет
0
Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн іс-шаралар өтеді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде.
ТМД мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру аясында онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 10-30 тамыз аралығында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқулары өтеді. ТМД елдерінің қатысушылары Абай шығармаларын өз тілінде немесе қазақ тілінде оқиды.
10 тамыздан бастап Абай күніне орай Шымкент қаласының мәдениет және өнер мекемелерінде онлайн форматта іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қалалық кітапханаларда «Әлем таныған ұлы Абай», «Абай даналығы – халық мұрасы», «Елім – жерім деп, бар ғұмырын паш еткен Ұлы тұлға», «Абайдың сөзі –қазақтың бойтұмары» атты онлайн кітап оқу, әдеби сазды кештер мен виртуалды кітап көрмелері, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Абайды қалай таныдым?!» атты танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылады.
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры «Ұлы Абайға – 175 жыл, Абай бейнесі» «Парасат» орденінің иегері, Қазақcтанның еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлымен онлайн-эфирін, қалалық орыс драма театры «Абай жолы» онлайн-бағдарламасын, қалалық өзбек драма театры М.Әуезовтің «Абай» онлайн-драмасын, қалалық опера және балет театры «Абай арманы» онлайн-концертін, қалалық әзіл және сатира театры «Жүрегім нені сезесің?!» атты поэтикалық-драмалық қойылымын, қалалық қуыршақ және жасөспірім театры «Дара тұлға» онлайн-поэтикалық драмасын, Шымкент-циркі «X-BAND» джаз оркестрінің онлайн-концертін Instagram және Facebook парақшалары мен Youtube арнасындағы өз көрермендеріне ұсынады.

Tags: 3 мегаполисАбай жылыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

Next Post

Шымкент: Қос өкпесі қабынған жүкті әйел жазылып келеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі