basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Шымкент: Еңбек инспекторларымен 150-ге жуық заңбұзушылық анықталды

Тамыз 11, 2020
in Заң
0
Шымкент: Еңбек инспекторларымен 150-ге жуық заңбұзушылық анықталды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбек инспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен.

Басқарма мамандарының тексеру жүргізу нәтижесінде 146 заңбұзушылық анықталып, оның 96-ы жойылды. Оларға 67 нұсқама беріліп, 1,8 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі таңда, 6 кәсіпорында 38 жұмыскердің жалақы бойынша 3,8 млн.теңге берешегі бар екенін анықтады. Аталған мекеме жетекшілеріне ұйғарымдар шығарып,  қарыздарды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап азаматтардың 121 өтініші қаралған, оның ішінде  еңбек қатынасы – 85, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – 30, халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Сонымен қатар,  қала әкімдігінің тәулік бойы қызмет көрсететін біріңғай байланыс (cаll-center) орталығына 425 жеке және заңды тұлғалардан қоңыраулар келіп түскен. Олардың бірі еңбек демалысына шығуға мәжбүр ету, қысқартулар жөнінде сауал қойса, кейбірі жұмыстан босату сынды мәселелерімен хабарласқан.

Одан өзге басқарма мәліметіне сәйкес, халық пен билік арасындағы ашықтықты сақтау мақсатында Басқарма басшысымен бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желілерде 27 тікелей эфир өткен. Онда үш жүзден аса оқырман өз сұрақтарына жауап алған.

Tags: 3 мегаполисзаңбұзушылықкарантиншымкент
Previous Post

Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске қосылады

Next Post

Шымкент: Провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі