basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Шымкент: Әскери авиация ұшқыштары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде

Тамыз 11, 2020
in Әлеумет
0
Шымкент: Әскери авиация ұшқыштары оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ел ішінде əр түрлі алып-қашпа əңгіме жүр. Əуе кеңістігінде тікұшақтар жерге жақын ұшса, «вирус сеуіп жүр» деп қауіптенуде. Бірақ бұл қисынға келмейді. Жалған ақпарат. Қалада түнгі уақытта да, күндізгі уақытта да аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл – Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті.

Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары жұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден 1000 метрге дейінгі кіші және өте кіші биіктіктерде сүңгу және төбешіктер сияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда. Дәрістер барысында топтарға жинау, қайта құру және топтан тарау кезінде өзара әрекеттесуді жақсартады. Оқу-жаттығуда әуе ұрысын жүргізу жағдайында экипаждардың жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.
Топтық ұшулардың күрделілігі ең алдымен тікұшақтар арасындағы белгілі бір аралықтар мен қашықтықты ұстап тұрудан тұрады. Топ құрамында жетекші немесе алдыңғы борттарға қатысты жетекші экипаж 50 метр аралықты, рұқсат етілген 3-5 метр биіктікте 70 метр қашықтықты ұстап тұруы керек. Бұрын мұндай ұшуды орындамаған жас ұшқыш жетекші курсты ұстап тұруға және сонымен бірге борттың маневр жасауының тегістігін бақылауға тырысуы керек.

Айта кетейік, ұшу кезінде күрделі ұшу элементтері елді мекендердің үстінде немесе жақын аудандарда орындалмайды. Бұл ережелер қауіпсіздік шараларымен байланысты. Аталған оқу-жаттығулары жауынгерлік әзірлікті қолдауға, әскери авиация ұшқыштарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұшу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

 

Tags: 3 мегаполисвирусшымкентәскери ұшақтар
Previous Post

Шымкент: Карантин кезінде 8 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді

Next Post

Шымкент: Жолаушылар үшін тасымалдаушы компанияларға бетперделер берілген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі