Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты. Онда «маска тағыңыз», «жақыныңызға жанашыр болыңыз», «үйде қалыңыз», «карантин режимін сақтаңыз» секілді жазбалар бар.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.
Шараның мақсаты қала тұрғындарын коронавирус індетін алдын алу және карантин уақтысында сақтық шараларын сақтауға үндеу болып табылады. Сол арқылы халықты пандемия туралы қажетті ақпараттармен қамтамассыз ету.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.