basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Дастан Рыспеков: Шымкент – туристер үшін өте қызық, әрі әсем қала

Тамыз 17, 2020
in Мәдениет
0
Дастан Рыспеков: Шымкент – туристер үшін өте қызық, әрі әсем қала
0
SHARES
62
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков келді. Сапар барысында ол шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті.

Ең алдымен қаланың орталығындағы Қошқар ата өзеніне, кейіннен Ордабасы алаңына және Цитадель қалашығы мен  Тәуелсіздік саябағына ат басын бұрды.

Онда туристік нысандарды дамыту бойынша бірнеше ұсыныстарын айтып, туризм басқармасының жаңа жобаларымен танысты.

Сондай-ақ, ескі қалашыққа арнайы тоқталып, ондағы археолог-тарихшылармен, жоба үйлестірушылерімен кездесті.

«Шымкент – туристер үшін өте қызық, әрі әсем қала. Мұнда жанға жайлылық пен ерекше жылылық бар. Цитадель – Шымкент қаласындағы ең тарихи, әрі туристік нысан болады. Жобаның аяқталғандағы келбеті мен шаһардың сол кездегі тарихын тамашалауға  бәріміз асықпыз. Мұнда Қазақстанды тануға құштар тарихшылар мен туристерді де тартатын боламыз. Сол себепті атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығы мен маңыздылығын абыроймен атқаратындарыңызға сенемін», – деді Д.Рыспеков.

Бұдан соң Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховпен және қаладағы туристік нысан өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Онда карантиндегі туристік орталықтардың жұмыс қарқындылығы мен жеңілдетілген карантиндік режимдегі талаптарды сөз етіп, алдағы уақыттағы жұмыс алгоритмін талқылады.

Одан өзге, отбасылық қолөнершілер Б.Бейсбековтер шаңырағында болып, қазақтың дәстүрлі бұйымдары мен туристерге ұсынылатын түрлі жабдықтармен  танысты. Ұлттық киімдер мен көне алашалар, ағаштан жасалған домбыра, ыдыс-аяқ, қыштан жасалған бұйымдарды тамашалап, өз ісінің шеберлеріне ризашылығын білдірді.

Сапар соңында А.Асқаров атындағы дендросаябақ пен Бәйдібек би ескерткішінде болып, этноауылдың көрінісімен танысты.

Tags: 3 мегаполисДастан Рыспековтуризмшымкент
Previous Post

Шымкент: 30-ға жуық жөсөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды

Next Post

Шымкент: Мобильді топтар 23 мыңнан астам науқасқа медициналық көмек көрсетті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі