basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкентте праймеризге қатысуға ниет білдірген 36 үміткер тіркелді

18 августа, 2020
in Cаясат
0
Шымкентте праймеризге қатысуға ниет білдірген 36 үміткер тіркелді
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында партияішілік сайлау – праймериз басталуына орай, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов баспасөз конференциясын өткізді.
Праймериздің мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау.
Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мәселелер анықталатын болады.
Құжаттар 2020 жылдың 17 тамызынан бастап қабылдануда. Іріктеуге жасы 20-дан асқан, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қазірдің өзінде Шымкент қаласында 36 үміткер праймеризге қатысуға өтініш беріп, тіркелді.
Үміткерлердің ішінде 9 адам — 35 жасқа дейінгі жастар өкілдері. Олармен қоса ауған ардагері, қандастарымыз бен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Айта кету керек, құжаттарды тапсырған үміткерлердің тек 4-і ғана депутат, қалған кандидаттар бірінші рет қатысуда.
Сонымен қатар, праймеризге қатысты әр ауданда барлық шағымдарды жедел және объективті қарау, олар бойынша қажетті шешімдер қабылдау мақсатында арнайы партиялық бақылау комиссиялары құрылды.

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыБахадыр Нарымбетовпраймеризшымкент
Previous Post

Шымкент: Мобильді топтар 23 мыңнан астам науқасқа медициналық көмек көрсетті

Next Post

«Nur Otan» партиясы партияішілік іріктеуін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі