basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «HR-PROCESS» – педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі ендірілді

Тамыз 22, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентте «HR-PROCESS» – педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі ендірілді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке педагог кадрларды іріктеудің «HR-Process» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды. Бүгінде www.hr-process.kz сайтында педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша 137 білім беру ұйымы тіркелген. Қазір 78 бос жұмыс орны бар.

«HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар  заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкентте барлық саланы автоматтандыру және цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізудеміз. Осы сайттың арқасында оқытушы лауазымына үміткерлер онлайн режимде жұмыс таба алады. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен артықшылығы үміткерді таңдауда меритократия, жариялық және айқындық қағидаларын сақтау болып табылады», – деді қала әкімі.

Жүйе конкурстық әдіске негізделген. Арнайы комиссия құрамына білім беру мекемелерінің директоры, пән мұғалімдері, психолог кіреді. Әлеуметтік желілерде конкурстық комиссия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіледі.  Байқаудың барлық нәтижесі  сайтта жарияланатын болады.

Айта кету керек, бұл жоба – педагогикалық қызметке үздік кадрларды іріктеп алуға, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Tags: 3 мегаполис«HR-Process»Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент көшелеріне LED жарықшамдары орнатылады

Next Post

Шымкентте «AR- SHYMKENT» жобасы іске қосылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі