basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте жеті айда 67 мыңнан астам азамат жеке басты куәландыратын құжат алған

Тамыз 25, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте жеті айда 67 мыңнан астам азамат жеке басты куәландыратын құжат алған
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері жеке басты куәландыратын құжат алу бойынша 67 мыңнан астам азаматтың құжатын рәсімдеген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Сондықтан аталған корпорация жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді. Мамандар құжаттың мерзімі өтіп кетсе әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін екенін айтады.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау тәртібі енгізілді. Кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм-бот EgovKzBot 2.0 қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады.

Жеке басты куәландыратын құжатты мерзімі өтуіне, аты-жөнін өзгертуіне, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады, бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.

Егер сізде құжаттарды алу процесін жеделдету қажеттілігі туындаса, онда жеке куәлікті ресімдеу күнін есептемегенде 2 жұмыс күні мерзімінде жедел көрсетілуі мүмкін. Ол үшін  өтінішті тапсыру кезінде көші-қон қызметінің қызметкерін алдын-ала хабардар ету қажет.

Tags: 3 мегаполисАзаматтарға арналған үкіметМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Солтүстіктен келген БАҚ өкілдері Шымкенттің туристік нысандарын аралады

Next Post

Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі