basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент биыл әлемнің 11 еліне ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады

Тамыз 25, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент биыл әлемнің 11 еліне ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6  млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті.

Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытайға жөнелтілген. Атап айтқанда, 72,3 тонна – ірі қара еті, 12,7 тонна – қой еті, 10,1 тонна – бал, 19,5 тонна – өңделген балық сыртқы нарыққа шығарылған. Сондай-ақ, картоптың – 25,2 мың, пияздың – 45,3, қырыққабаттың – 20, көкөністің – 558, жеміс-жидектің – 406,5 тоннасы жоғарыда аталған елдерге сатылды. Бұған қоса, 78,2 мың тонна – бидай,  4,5 мың тонна – арпа, 390 тонна – дәнді дақылдар, 6,1 мың тонна –майлы дақылдар, 110,6 мың тонна – ұн, 19,2 мың тонна – өсімдік майы, 986,1 тонна – макарон өнімдері және 74,5 тонна нан/кондитер өнімдері экспортталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бірінші жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14.7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға жоғары. Ауыл шаруашығы өнімі көлемінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойынша бірінші орында.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисшымкентэкспорт
Previous Post

Шымкент: Сovid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

Next Post

«Shymkent Invest» кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі