basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бастау бизнес» бойынша 3500-ден астам адам оқудан өтті

Тамыз 26, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бастау бизнес» бойынша 3500-ден астам адам оқудан өтті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының 3549 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Оның 2820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталды.

Кәсіпкерлік негіздерін меңгерген түлектер  оқу аяқталған соң тест тапсырады. Үш мүмкіндік беріледі. Емтиханнан өтпесе, тек оқуға қатысқаны жөнінде ғана сертификат алады. Егер тестіден жақсы нәтиже көрсетсе, оқуды бітіргені жайлы сертификат алып, грантқа үміткер болады. Грант қайтарымсыз, бірақ мониторингтік топ арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Яғни бұл – әлеуметтік көмек емес, кәсібін бастаушы кісілерге бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан мүмкіндік.

Арнайы құрылған комиссияның қорытындысынан кейін жобасы мақұлданған бағдарламаға қатысушылар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантты алатын болады.

Биыл карантиндік шараларды ескере отырып, бұл жобаға тіркелу мен оқу қашықтықтан (онлайн) «Atameken Academy» платформасы арқылы өтуде. Жобаға қатысушылар ең алдымен халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алуы тиіс. Ары қарай «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына келмей-ақ, оқуға онлайн тіркеле алады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатты және халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы https://atameken.co/kk/course-bastau сілтемесіне жүктейді. Оқу мерзімі – 21 күн. Дәрістерді кәсіби дайындалған бизнес жаттықтырушылар оқиды.

Tags: 3 мегаполис«Атамекен»«Бастау Бизнес»шымкент
Previous Post

Шымкент: Білім нысандарының құрылысы – басты назарда

Next Post

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі