basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың мәселесі шешімін тауып келеді

Тамыз 28, 2020
in Билік
0
Шымкент: Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың мәселесі шешімін тауып келеді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді.Қашықтан болған кездесуде қала тұрғыны А.Затыбекова бастауыш сынып мұғалімі екенін айтып, жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраса, Жайлау шағын ауданының тұрғыны Қ.Төнтекова Баққараев көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Қаратау ауданының тұрғыны Е.Жүнісов Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су мен газ және сапалы электр жарығымен қамту жайын көтерді.

Шымкент қаласы білім мекемелерінің барлық бос орындары туралы ақпаратты www.hr-process.kz. сайтынан көруге болатынын айтқан қала әкімі қалада педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау аталған сайт арқылы ашық конкурс негізінде жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ әкім Жайлау  шағын ауданындағы 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттен тиісті қаржы қаралып, жолды жөндеу жұмыстары басталғанын жеткізді. Ал, Қайнар-бұлақ тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғанын және алдағы уақытта 2760 тұрғын үй электр қуатымен қамтылатынын мәлім етті. Бұдан бөлек, аталған тұрғын алапты ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын да айтты. Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған қала басшысы сала мамандарымен кеңесе отырып айтылған мәселелер назарға алынып, рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентәкімнің қабылдауы
Previous Post

Шымкентте 25 азаматқа Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды

Next Post

Туризм басқармаларының басшылары меморандумға қол қойды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі