basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Көне қалашық туристік нысанға айналады

Тамыз 28, 2020
in Қоғам
0
Көне қалашық туристік нысанға айналады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шырайлы Шымкенттің тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша қаланың жасы – 2200 жыл. Бұған қала аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көптеген құнды, көне жәдігерлер де дәлел бола алады. Сол себепті де «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасы қолға алынған болатын.

Қазіргі таңда бұл ескі қалашықтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір айта кетерлігі қала ортасындағы ортағасырлық цитаделдің орны туристер мен қала тұрғындарының аса қызығушылығын туғызып отыр. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтерілуде. Яғни, бұл тарихи құндылығы зор көне қалашық Шымкентті туристік нысанға айналдыруы сөзсіз.

Шымкент қаласына іс-сапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков: «Шымкент – туристер үшін өте қызық әрі әсем қала. Мұнда жайлылық пен ерекше жылылық бар. Цитадель Шымкент қаласындағы ең тарихи әрі туристік нысан болады. Жобаның аяқталғандағы келбетін тамашалауға бәріміз асықпыз. Мұнда Қазақстанды тануға құштар тарихшылар мен туристерді тартамыз. Сол себепті бұл жұмыстардың ауқымы мен маңызын сезініп, абыроймен атқаратындарыңызға сенемін», – деді.

Бұл – өз кезегінде Шымкент қаласында туристік салада даму перспективалары кеңейеді деген сөз. Сонымен қатар, Шымкент қаласының Түркістан мен Ташкентке жақын орналасуы туристік инфрақұрылымының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына нақты серпін береді.

Tags: 3 мегаполисОлжас Шинтаевтуризмшымкент
Previous Post

Шымкент : Мамандандырылған IT лицей-интернаты ашылады

Next Post

Шымкент: Провизорлық стационардағы вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас емделіп шықты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі