basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент: «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған фестивальдер өз мәресіне жетті

Қыркүйек 1, 2020
in Мәдениет
0
Шымкент: «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған фестивальдер өз мәресіне жетті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 1-15 тамыз аралығында өткен халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» және эстрада орындаушыларының Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» онлайн-фестивалі қорытындыланды.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы мамандарының айтуынша, фестивальдерге Ресейдің Башқұртстан, Татарстан Республикалары мен Алтай өлкесінен,  Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан және өз елімізден 71 өнерпаз қатысқан. Оның ішінде 41-і эстрадалық әнші болса, 30 қатысушы халық аспаптарында өнер көрсетті. Сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінен тыс АҚШ, Молдова, Монғолия елдерінен де әртістер қонақ ретінде қатысып, ыстық сәлемдерін жолдады.

Халық аспаптарында орындаушылар арасындағы өнер сайысы ТМД елдерінің өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Оған Санкт-Петербург қаласынан «Донцы» және «Серебрянные струны» орыс халық аспаптық оркестрлері, Монғолия Республикасынан «Алтай Кай» ансамблі, Өзбекстаннан «Аббос» тобы және Равшан Юнусов, Молдова Республикасынан «Пан академик» ансамблі, Қазақстаннан әлемге танымал «Ұлытау» тобы, сондай-ақ «SARMAD», «Қаратау қазынасы», «Адырна», «Арқа әуендері», «Алатау», «Аманат», «Алтай» сынды халықтық этно-фольклорлық ансамбльдер қатысты. Кәсіби өнерпаздармен қатар әуесқой орындаушылар да өз бағын сынап, көрермен қауымға ұлттық аспаптың өзіндік ерекше дыбысы мен бояуын шебер жеткізе білді.

Вашингтон қаласынан Nika Davidhizar, Санк-Петербург қаласынан Ольга Блохина, Қырғызстаннан Жийдеш Мұратқызы, Ресейдің Кабардино-Балкар Республикасынан Халимат Гергокаева мен Алтайдан «Чуя» тобы Шәмші әуендерін нақышына келтіре орындап, тыңдарманның ыстық ықыласы мен қолдауына ие болды. Ал, отандық өнерпаздарға тоқталсақ, Нұр-Сұлтан қаласынан Асылхан Шалқаров, Оралхан Алтынбеков сынды танымал әншілер, Қызылорда облысынан «Экспресс» ансамблі, Шымкент қаласынан «Асыл әжелер» тобы қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушыларға қала әкімінің арнайы дипломы табысталады.

Еске сала кетейік, онлайн режимде өткен фестивальге қатысушылардың бейне өтінімдері 15 тамызға дейін қабылданған болатын. Шеберлігімен көзге түскен өнерпаздар карантин режимі аяқталғаннан кейін Шымкент қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылады.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновшымкентШымкент мәдени Астана
Previous Post

Шымкентте 24 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа барды

Next Post

Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі