basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: 160 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды

Қыркүйек 10, 2020
in Билік
0
Шымкент: 160 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жыл басынан бері ұзындығы 203 шақырым болатын 160 көшеде жол жөндеу жұмысы аяқталды. Енді жоспарланған жұмыстан ұзындығы 213 шақырымды құрайтын 99 көше қалды. Қыркүйек және қазан айларында жұмыстың 80 пайызы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов танысып шықты. Ол қалада жол құрылысынан бөлек өткелдерді ретке келтіру, бағдаршам орнату, көшелерді таңбалау жұмыстары да жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Қаратау ауданына қарасты “Тұран” шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Сайрам” тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар 4 көшеде 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудандағы жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайтын 108 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкентте аялдамалар да жаңартылып жатыр. Бүгінде негізгі жолдарда 260 жаңа аялдаманың 133-і орнатылды. Қалған 127 аялдаманы орнату әлі де жалғасуда.

Tags: 3 мегаполискөшелерді жөндеуМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша қосымша 3 мың грант бөлінді

Next Post

Шымкент: 7 айда 135 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі