ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді.
Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.
Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді» деп есептейді.
Іс-шара барысында жергілікті жастар аталған спорт түріне қызығушылық танытып, белсенділік танытты. Мұндай шеберлік сағаттары қаланың барлық аумағында өткізіледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, қалада 27 Street-workout алаңы салынған. Осылайша Шымкентте бұқаралық спорт қарқынды дамуда. Қазақстан әлемге қуатты спорттық держева ретінде белгілі. Сол үшін елдегі әрбір азаматтық белсенді түрде спортпен шұғылданғаны оң. Сол үшін де Елбасы жолдауында айтқандай Үкімет пен әкімдер әр өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды қолға алуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі