basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті

Қыркүйек 10, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметі  елімізде алғашқылардың бірі болып толықтай цифрлық жүйеге көшкен болатын.  Жедел жәрдем қызметіндегі қағазбастылықты жою мақсатында мамандардың барлығы смартфонмен қамтылған.

Ондағы бригаданы шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы  смартфонға енгізіледі. Осы арқылы қызметкерлер орталық станцияға келмей-ақ, қолындағы смартфон арқылы тікелей шақыртуға бара алады. Бұл өз кезегінде мамандардың уақытын үнемдеуге септігін тигізуде дейді салаға жауаптылар.

Сондай-ақ 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылайды. Жаңадан ашылған колл орталықтың арқасында қоңырау қабылдау орындары екі есеге артқан.

Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10 секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды.

Сондай-ақ, ақпараттық жүйенің көмегімен Шымкент қаласының картасы бойынша мекенжайларды іздеу, көлік бағыттарының карталарын қадағалау, күту уақыты, қозғалыс жылдамдығы туралы мәліметтерді автоматты түрде бақылауға болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі мен түрік компаниясы арасында жедел жәрдем қызметін жаңғырту жобасы аясында екі жақты меморандумға қол қойылған болатын. Келіссөз нәтижесінде бірінші кезеңде жедел жәрдем қызметіне 100 жаңа көлік берілген. Екінші кезеңде осы жоба аясында Call-орталығы әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисшымкент
Previous Post

Шымкент: Дендросаябақ жаңа кейіпке енеді

Next Post

Шымкент қаласында 112 шақырым жолға шағал тас төселеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі