Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді. Ал, емханалар жанынан құрылған мобильді топ тәулік ішінде 100-ге жуық тұрғынның үйіне барып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондықтан медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5 182 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 642-сі – симптомды, 2 540-ы – симптомсыз жағдай. Бүгінгі күнге дейін 4 498 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазіргі таңда 622 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6 тұрғын стационарға жатқызылған.Бүгінде қаладағы провизорлық және инфекциялық стационарларда 400 төсек-орын болса, оның 67 пайызы бос тұр. Дәрігерлердің айтуынша,қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, гигиеналық-тазалық талаптарын орындау тұрғындардың денсаулығын сақтауда өте маңызды.