basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент: Абайдың 175 жылдығына орай жас абайтанушының кітабы жарық көрді

Қыркүйек 11, 2020
in Мәдениет
0
Шымкент: Абайдың 175 жылдығына орай жас абайтанушының кітабы жарық көрді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек  Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр.

Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген.   Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми маман болып  жұмыс жасайды.

– Абай шығармаларының әлі де ашылмаған қырлары бар. Болашақта Мұхтар Әуезовтің өзі айтқандай аша алмай кеткен қыры мен сырын ашқым келеді. Мәселен, Абайдың бүкіл шығармаларын Мүрсейіт Бікіұлы есімді қолжазбагер көшірген. Алматы қаласындағы Әуезовтің жеке архивінде сақталған сол қолжазбаны қолға түсіріп біз қазақ әдебиетінде Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының транскрипциясын жасап шықтық. Бұл шығарма – бүкіл түркі халқына ортақ шығарма, еңбек қазақ әдебиетінде тұңғыш рет жасалып отыр. Дәл осы Абайдың бір ғана шығармасынан 400-ге жуық араб-парсы түрік тілдерінен тұратын сөздігін жасап шықтық. Ендігі мақсат кітапты шғарып, оқырмандарға ұсыну болып тұр, – дейді Әзімхан.

Сонымен қатар, Әзімхан жақында өткен «Әуезов оқулары – 17: әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты Халықаралық конференциясында «Мекемтас Мырзахметұлы және Мұхтартану мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады. «Жаңа жаһандық ахуалда Қазақстанның дамуындағы жастардың үлесі» атты республикалық ғылыми конференциясында 1-орынмен және 2017 жылы «Алаш» қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген «Азаттықты аңсаған – арыстарым ардақты!» атты шығармашылық байқауында 1-орынды иеленген.

Одан өзге өз зерттеулерін «Мағжанның бір кем дүниесі», «Бауыржанның батасы», «Түнгі ғибадат», «Өмірдің өзінен өрілген жыр», «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда», «Абай неге ұлы?» сынды мақалаларында ұсынып жүр.

 

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновшымкентӘзімхан Исабек
Previous Post

Шымкент: 30 мыңға жуық тұрғынның коммуналдық шығыны өтеледі

Next Post

Мұрат Әйтенов : Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі