basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Ылғалды майлықтар өндіретін фабрика іске қосылды

Қыркүйек 12, 2020
in Қоғам
0
Шымкент: Ылғалды майлықтар өндіретін фабрика іске қосылды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «DALSAN» компаниясының ылғалды майлықтар өндіретін фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның онлайн режимде өткен ашылу салтанатына Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, «KazakhInvest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев,  «Dalsan (ДАЛСАН)» ЖШС-нің құрылтайшысы Дал Халил және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қатысып, құттықтау сөздерін арнады.Жаңа фабрика толығымен түрік инвесторларының қаржысына салынған.Мұнда әзірге 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастаған кезде 45 адам еңбек ететін болады.

—Шымкентте өнеркәсіптің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Қазір 2 индустриалды, 1 сауда-логистикалық және бір арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр. Онда жалпы құны 270 миллиард теңгені құрайтын 176 жоба жүзеге асуда. 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Күні кеше агро-индустриалды аймақтың құрылысы басталды. Сондай-ақ, «Жұлдыз» индустриалды аймағын ашу да жоспарланып отыр, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі іске қосылып отырған фабрика қазақ-түрік сауда-экономикалық байланыстарын нығайту жолындағы кезекті қадам екенін айтып өтті. Жаңадан ашылған фабрика «Eli» маркалы ылғалды майлықтың жылына 300 мың қаптамасын өндіре алады. Бұл тауарлар барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Компания өз өнімін ішкі нарыққа сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Dalsan» компаниясы ашқан бұл фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында түрік инвесторларының қаржыландыруымен жүзеге асқан үшінші жоба.

Tags: 3 мегаполисDALSAN» компаниясыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов : Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Next Post

Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі