basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды

Қыркүйек 12, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте  ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта жанданды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі эпидахуалдың тұрақтала бастауына байланысты қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды.

Аталған жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.

Шымкент қаласының ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының  Төле би, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарының тауар өндірушілері қатысты.

Жәрмеңке барысында ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер қала тұрғындары мен қала қонақтарына ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын нарық  бағасынан 10-15 пайызға төмен ұсынды.

Айта кетейік, жәрмеңке барысында карантин талаптары қатаң сақталып, дезинфекциялық өткелдер орналастырылып,  төтенше жағдай, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері жұмылдырылды. Алдағы уақытта ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өз жалғасын табатын болады.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

Next Post

Нәтижеге жұмыс істеймін         

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі