basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды

Сәуір 18, 2020
in Қоғам
0
«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– 20 сәуірден бастап «Астана Балет» театры «Eurasian Dance Festival» бірлесе отырып, астаналық театр сахнасында өткен халықаралық балет өнері фестивалінің аясында көрсетілген спектакльдер мен гала-концерттердің видеожазбаларын онлайн-режимде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әртістер мен көрермендердің театр залына қайта оралуын күте отырып, Еуропа мен Азияның айтулы театрлары мен би ұжымдары біздің сахнада көрсеткен жарқын қойылымдарының бейнежазбаларының архивтерін көрсетейік деп шештік. Үш жыл ішінде, бұл балет фестивалі Қазақстанның мәдениетіндегі елең етерлік құбылысқа айналды. Көрермен қауымды осы қойылымдармен танысуға я болмаса сүйікті спектакльдерін қайта тамашалауға шақырамыз», – деді театр басшылығы.

Көрермен қауым әлемдік классика жауһарлары, халық шығармашылығы мен қазіргі заманғы әйгілі хореографтардың туындылары түйіскен фестиваль жазбаларын тамашалай алады. Көрерменмен қауышудың жаңа форматы Қазақстан, Ресей, Португалия, Голландия және Германия әртістері қатысқан жұлдызды гала-балеттен басталмақ. Алғашқы онлайн-көрсетілім 20 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:00-де «Астана Балет» театрының ресми YouTube-арнасында ұсынылады. Тікелей эфирді көріп үлгермегендер спектакльді кейінгі 24 сағат ішінде тамашалай алады. 22 сәуір, сағат 20:00-де әйгілі испаниялық би триосы Castro Romero ұсынған «Escencia Flamenca» бағдарламасының онлайн-көрсетілімі өтеді. 30 жылдық ғұмырында бұл ұжым көптеген жобаларды жүзеге асырған. Соның ішінде, танымал әртістермен жұмыс істеп, фильмдерге түсіп, әлемдік опера жұлдыздарымен концерттерге қатысқан. «Фламенко квинтэссенциясы» бағдарламасы 10 бөлімнен тұрады. Мұнда әртістер фламенко мен оның болмысы туралы баяндайды. Фестивальге қатысқандардың бірі – Қытай ұлттық балетін 24 сәуірде, сағат 20:00 көре аласыз. Екі бөлімнен тұратын бағдарламаға хореографтар Ван Ци мен Фэй Боның екі миниатюрасы енген. Сянь Синхай музыкасына қойылған «Сары өзен» балетінің соңғы екі бөлімі мен П.И.Чайковскийдің «Патетикалық» симфониясының музыкасына қойылған «Өмір дастаны» балеті.

 

Previous Post

Мүфтият Рамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшерін белгіледі

Next Post

Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді тапсырды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі