basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда

Қыркүйек 16, 2020
in Cаясат
0
Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте  «NUR OTAN» партиясы праймеризінің қатысушылары арасында ашық пікірсайыстар басталды. Бүгінгі таңда праймеризге қала бойынша 173 азамат қатысуда.

Праймериздің үшінші кезеңіндегі алғашқы дебаттар Абай ауданында күніне 2 мезгіл өткізіліп, оған 28 үміткер қатысты.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов бұл пікірсайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

—Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасы – адалдық пен ашықтықтың керемет үлгісін көрсетіп отыр. Осы қадамы арқылы партия өзінің ашықтықты қолдайтынын және халықпен бірге екенін көрсетті. Ашық диалог кезінде назарға алып, қолданысқа енгізуге болатын ұтымды ұсыныстар да айтылып жатыр. Саяси додаға қатысып жатқан барша әріптестерге сәттілік тілеймін, – деді филиал төрағасы.

Айта кетейік,  7 – 14 қыркүйек аралығында партияішілік іріктеудің екінші, яғни, үгіт-насихат кезеңі өтті. Екінші кезеңде Шымкентте партия мүшелерімен 570 кездесу ұйымдастырылды. Оның 239-ы онлайн-форматта өтті. Кездесулерге партияның 21 мыңнан астам мүшесі қатысты. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілген.

Ал, 14 қыркүйектен бастап ашық пікірсайыстар өтуде. Бұл кезең 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Пікірсайыстың тәртібі жеребе бойынша анықталған. Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жарыссөздер кестесі мен өтетін орны Primaries веб-сайтында және партия филиалының ресми аккаунттарында жариялануда. Пікірсайыстар партия филиалының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Дебаттар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілуде. Бөлмелерде зарарсыздандырғыш заттар орнатылған. Сондай-ақ, қатысушылар мен көрермендерге медициналық маска үлестіріліп, кіреберісте контактісіз тәсілмен дене қызуы тексерілуде.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновпраймеризшымкент
Previous Post

Шымкент: Мемлекеттік қызметтің 86 проценті электронды түрде көрсетіледі

Next Post

Шымкент: «Миндаль қосымша білім беру» платформасы арқылы 700-ге жуық өтінім берілген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі