basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті секциялар ашылады

Қыркүйек 17, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті секциялар ашылады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылдың 17 қыркүйегі күні Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/ауд, №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді және инклюзивті спорт секцияларының ресми түрде ашылуы өтеді.

Секция «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында іске қосылады. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ал биыл Шымкент қаласы мен басқа да өңірлерде басталды.

Жобаның мақсаты – елде бейімді дене шынықтыру саласын дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардың балаларына арналған бейімді спорт секциялары жүйесін құру.

Енді Шымкенттегі БЦП, аутизм және Даун синдромы секілді диагнозы бар балақайлар да бейімді футбол, жүзу, таэквонда және бочча үйірмелеріне тегін қатыса алады.

Жоба Бас серіктес – «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Шымкенттегі жобаға Nur Otan партиясы, «Қасиетті жол – Шымкент» оңалту орталығы секілді әлеуметтік серіктестер мен жергілікті атқарушы органдар да қолдау көрсетуде.

Ашылу салтанатына жобаның авторы – «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова, дәрігер-реабитолог Айнұр Нұрқожаева, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және дене шынықтыру мен сопрт басқармасының өкілдері, жас спортшылар мен олардың ата-аналары қатысады.

Tags: 3 мегаполис«Саламатты болашақ»инклюзивті секцияларшымкент
Previous Post

Шымкент: Жаңа шек каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Праймериз – 2020: Инклюзивті қоғам құру – заман талабы - Жұмалинова Жанель

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі