Шымкентте бірқатар көшеде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Самал-2 шағын ауданындағы Ризалық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, халықтың игілігіне берілді. Мердігер мекеме «Сиқым Олжас» ЖШС-і құрылысты жоспарға сай атқарды. Көшенің ұзындығы – 800 метр, ені – 5 метр. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мәлімдеді.
Орталықтың мәліметінше, Таскен тұрғын алабындағы №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары «Сиқым Олжас» ЖШС-і тарапынан орындалды. Жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы – 680 метр. Бүгінгі таңда аяқ жол пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Жаңаталап тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге орташа жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын орнату («Достық СпецТранс» ЖШС-і), Ақниет шағынауданы Рауғаш көшесінде орташа жөндеу («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і), Ынтымақ шағын ауданы Жібек жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары («Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і) толығымен аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.