basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды

Қыркүйек 18, 2020
in Мәдениет
0
Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды
0
SHARES
35
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қ.А.Яссауи кесенесінде «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан – Тайқазанның көшірмесі Шымкент қаласындағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясында» жасалған болатын. Тайқазан мектеп-гимназия директоры Арман Орынбековтың идеясымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қыдырәлі Агибаевтың жетекшілігімен, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Пердехан Тансихов, Болат Серікбековтың жасаған қолөнер туындысы.

Сондай-ақ, көркем еңбек сабақтарында мектеп оқушылары да еңбек еткенін айта кеткен жөн. Арман Шымбайұлының айтуынша, тайқазан туындысын жасауға 1,5 жыл  уақыт жұмсалған. Оның бір ерекшелігі, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және елімізде өсетін ағаштардан жасалуында.

Еліміздің ұлттық құнды жәдігерінің біріне айналған алып Тайқазанның ағаштан жасалған көшірмесі 18 қыркүйекте өтетін ұлттық көрмесіне қойылды. Мектеп басшылығы бұл еңбекті Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойына да арнап отыр. Бұл – әрбір ерекше идеясымен, білім, өнер, спорт салаларындағы халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерімен танылып жүрген мектептің тағы бір жетістігі.

 

Tags: 3 мегаполисАрман Орынбековтайқазаншымкент
Previous Post

Шымкент : Әлеуметтік көмекті қажет ететін 35798 оқушы компьютермен қамтылды

Next Post

Шымкент: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі