basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

Қыркүйек 20, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен кездесуі кезінде белгілі болды. Техника ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Бердияр Қалымбетов «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясын дайындап жатқанын, жыл соңына қарай қала басшысының назарына ұсынатынын айтты.

«Сіздің тапсырмаңызбен қала маңында «Ақылды ауыл шаруашылығы» деп аталатын мекеме құруды ұсынамын. Ол біздің университеттің ғалымдары жасап шығарған ең жаңа технологиялар мен цифрлы машиналардың барлық мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс. Оның құрамында «Ақылды дала», «Ақылды ферма», «Ақылды жылыжай» және «Ақылды бау» деген бөлімшелер болады. Бұның әрбірі жеке-жеке жоба. Біз барлық 5 бағыт бойынша жұмыс істегіміз келеді. Жыл соңында осы концепцияны Сізге ұсынсақ, көріп, бекітіп беруіңізді және қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», – деді ол.

Өз кезегінде қала әкімі бұл жобаларға кәсіпкерлерді тарту қажеттігін жеткізді. Яғни, ғылыми жаңалықтарға бизнес қауымдастықтың назарын аударып, біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру керектігін айтты.

«Қалаға өте қажетті, маңызды жұмысты бастап кетіпсіздер. Біз қолдаймыз. Алдағы уақытта тағы да кездесіп, ақылдасу қажет»,- деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Бердияр Есбатырұлының айтуынша, біздің өңірде бір жылдың 210 күні жылы, шуақты болып тұрады. Соны тиімді пайдаланып, көкөніс шаруашылығында 1 жылда 3 рет өнім жинауға болады екен. Ғалымдар оның да арнайы технологиясын жасап шығыпты.

Айта кетейік, Бердияр Қалымбетов жаңа, жетілген техника мен технологияларды жасауға қомақты үлес қосқан және «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол 7 ғылыми жоба мен бағдарламаның жетекшісі болған. Бүгінде оның төртеуі аяқталып, нәтижесі өндіріске енгізілген.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыМұрат Әйтеновшымкентғалымдар
Previous Post

Шымкент қаласының әкімі азаматтарды онлайн режимде қабылдады

Next Post

Шымкент: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі