basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкент: Спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды

Қыркүйек 21, 2020
in Спорт
0
Шымкент: Спорт басқармасы  мен Қазақстан футбол федерациясы меморандумға қол қойды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада спорттың осы түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді.

Меморандум аясында тараптар жастар, студенттер, мектеп оқушылары, көркемөнерпаздар, ардагерлер және әйелдер командаларының қатысуымен турнирлер ұйымдастыруға және осы іс-шараларға ақпараттық көмек көрсетуге уағдаласты.

Сондай-ақ, жаттықтырушылардың, ғылыми-педагогикалық құрам өкілдерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасап, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға келісті. Екі жақты келісім нәтижесінде Шымкент қаласында тұрғындардың футбол спортына деген қызығушылығы артып, аталған спорттың өңірде одан әрі дамуына серпін береді деп күтілуде.

Tags: 3 мегаполисспорт басқармасыФФКшымкент
Previous Post

Шымкент: Абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде

Next Post

Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі