basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Қала әкімі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты

Қыркүйек 21, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Қала әкімі жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Шаһар басшысы, алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биылғы жылы бөлінген.

Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, жаңарған көпірдің ұзындығы — 144 метр, ені — 28,2 метрді құрайтын болады.

—Шымкенттегі магистралды жолдар тәулігіне 20 – 35 мың автокөлік өткізе алады. Ал, бүгінде нақты көрсеткіш 50-70 мың автокөлік немесе екі есе көп. Сондықтан біз жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Қазір Шымкентте 24 магистралды көшеде орта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бадам өзенінің үстінен өтетін мына көпір де маңызды нысандардың бірі. Тиісті басқарма мен басқа да жауапты органдар жұмыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын қадағалауы тиіс, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Мұнан кейін қала әкімі Ю.Гагарин, А.Асқаров көшелерінің орта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ю.Гагарин көшесінің Абай даңғылынан Эрмат ата көшесіне дейінгі 4.7 шақырымдық бөлігін орта жөндеуден өткізуге бюджеттен 335 миллион теңге бөлінген. Ал, А.Асқаров көшесінің Республика даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігіне 303 миллионнан астам қаржы қаралған.

 

Tags: 3 мегаполисжол-көлікМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

Next Post

Шымкент: «Shymkent Bike» велосипедтерін пайдаланушылар көбеюде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі