basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Қыркүйек 22, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.
Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубтары жұмыс істейді.

Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан: «Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар.
Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», – деді.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tags: 3 мегаполисшымкентШыңғыс Мұқанэтномәдени бірлестіктер
Previous Post

Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Next Post

ЦАРКА: Система «Праймериз» максимально защищена!

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі