basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының әкімі чемпиондарды марапаттады

Қыркүйек 24, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының әкімі чемпиондарды марапаттады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады.

Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануымен құттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

—Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы биыл Шымкентте 27 Street-workout алаңы салынғанын атап өтті.

Мұрат Әйтенов қазір қала тұрғындарының 28 проценті спорт және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысатынын, осы көрсеткішті Президент тапсырмасында айтылғандай, 30 процентке жеткізу мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды.

Қала әкімі команданың жеңіске жетуіне бапкерлер  Сабыржан Бекпаев пен Хусан Утаметовтің де зор үлес қосқанын айтып, оларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Стандарт» командасының алдағы уақытта Украинада өтетін шағын футболдан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді. Кездесудің соңында әкім  бапкерлер мен футболшыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновФутболшымкент
Previous Post

Шымкент: 18 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Next Post

Құс тұмауынан сақ болыңыздар!

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі