basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қосымша 3 мыңнан аса адамға мемлекеттік грант беріледі

Қыркүйек 25, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қосымша 3 мыңнан аса адамға мемлекеттік грант беріледі
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласында өз кәсібін бастаушыларға «Бастау бизнес»  жобасы аясында 1 491 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін  1 420 адамға грант берілген. Оның 901-і аз қамтылған отбасылардың мүшелері. Ал, 90-ы көпбалалы аналар. Тағы 306 адам аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері.

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік грант саны көбейді.  Қосымша 3 423 адамға мемлекеттік грант үйлестіруге қаржы қарастырылған.

Аталған 3 423 орынға аз уақыт ішінде 7 мыңға жуық қала тұрғыны құжат өткізді. Олардың құжаттары  комиссияның қарауына ұсынылған. Мәселен, биыл 1-2 қыркүйек күндері өткен комиссия отырысында 1 022 адамның өтініші бойынша оң шешім қабылданып, оларға мемлекеттік грант тағайындалды. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 500 үміткерге грант қаржысы аударылып үлгерген.

Айта кетейік, «Бастау бизнес»  жобасы — нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Жоба аясында өз бизнесін бастағысы келетін азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады. Пандемияға байланысты биыл оқу онлайн режимде өтуде. Оқу мерзімі — 21 күн.  Қатысушы оқуын тәмамдаған соң арнайы тест тапсырады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оған оқуды бітіргені туралы сертификат беріледі.

Сол сертификатты алған адамның грантқа үміткер атануға құқығы бар. Грант қайтарымсыз беріледі. Бірақ мониторингтік топ грант қаржысының мақсатты жұмсалуын тексеріп отырады. Яғни, бұл өз кәсібін бастаушы азаматтарға берілген бірегей мүмкіндік. Осы орайда биылдан бастап аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар «Бастау бизнес»  жобасының сертификатынсыз да грантқа тікелей үміткер бола алатынын айта кеткен жөн.

Tags: 3 мегаполис«Бастау Бизнес»грантшымкент
Previous Post

Құс тұмауынан сақ болыңыздар!

Next Post

Шымкенттіктер тұрғылықты жері бойынша онлайн арқылы жиі тіркеле бастады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі