basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент қаласының әкімі Кореяның Бас консулымен кездесті

Қыркүйек 30, 2020
in Cаясат
0
Шымкент қаласының әкімі Кореяның Бас консулымен кездесті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен  сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту  жайын талқылады.

Екі елдің арасында сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан қала басшысы Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды.

Мұрат Әйтенов миллионнан астам халқы бар қаланың дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтты.  Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құятын 5 ел болса, соның бірі Оңтүстік Корея болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әкім кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.

Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту деді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

Tags: 3 мегаполисБас консулКореяМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Театрдың жаңа маусымы ашылды

Next Post

Шымкентте туристік операторларға арналған туристік-ақпараттық тур өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі