basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент әкімі ардагерлерді «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады

Қазан 1, 2020
in Билік
0
Шымкент әкімі ардагерлерді «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Рысбай Наштайұлын қарттар күні мерекесімен құттықтады. Кездесуде қала ардагерлерінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерлердің  шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Қоғам қайраткері Нұрмаханбет Әжіметұлын мерейлі мерекемен құттықтай келген қала басшысы аға буынның Отанға деген сүйіспеншілігі  жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі-өнеге боларын айтты.

Нұрмаханбет Әжіметұлы 1927 жылы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Партия, кеңес қызметкері, қоғам қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Алғабас, Келес аудандарының Құрметті азаматы. Жұбайы Нұрекенова Рабигүл — Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері. Ұл-қыздары жоғары білімді мамандар.

Мұрат Әйтенов тыл ардагері Нина Лычагинаның да отбасында болып, ардагер апамызға жылы лебізін білдірді. Шаһар басшысы әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізді.

Нина Лычагина 1927 жылы Воронеж облысы, Грибанов ауданында туған. Оқуды бітірген соң 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына жолдама алып, мұнда 1946-1960 зоотехник мамандығымен жұмыс істеген. Ал, 1974-1986 жылдары облыстық меминспекцияда ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып қызмет етті. Қария сол жылдардағы ерен еңбегінің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Бүгінде немересінің отбасында тұрады.

Айта кетейік, бүгінгі күні Шымкент қаласының мәслихат хатшысы мен қала әкімінің орынбасарлары және аудан әкімдері 70-тен астам ардагерлердің отбасына барып құттықтайтын болады.

 

 

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентқарттар күні
Previous Post

Шымкент: Дендросаябаққа 130 мыңға жуық демалушы келген

Next Post

Шымкент: Мәртөбе тарихи кешенінде келер ұрпаққа жолдау жазылған капсула салынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі