basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Жастарға арналған денсаулық орталығының таныстырылымы өтті

Қазан 8, 2020
in Uncategorized
0
Шымкент: Жастарға арналған денсаулық орталығының таныстырылымы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында  жаңадан ашылған жастар денсаулық орталығының таныстырылымы өтті. №13 қалалық емхана базасында орналасқан орталықта гинеколог, уролог, психолог, әлеуметтік қызметкер сынды мамандар жұмыс істейді. Бұл туралы  денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бүгін аталған емхананың  мамандары қала жастары мен БАҚ өкілдеріне  орталықтың жұмысымен таныстырды. Мұнда 10-19 жас аралығындағы жастарға толықтай тегін қызмет көрсетілетін болды.

Мамандар орталыққа келушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік жағынан көмек көрсетеді. Оның ішінде, отбасын жоспарлау, маскүнемдік пен нашақорлықтың, АИТВ инфекциясының, стресті және құлазу жағдайларының, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі  және құқықтық кеңестер беріледі. Сонымен бірге,  бастапқы медициналық-санитарлық көмек, диагностикалық-кеңес медициналық көмегі де көрсетіледі.

«Жастар арасында олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру біздің басты мақсатымыз болып табылады, біз оны жастар денсаулық орталығына енгізіп, насихаттап жатырмыз. Жас ұрпақтардың жыныстық қатынас мәселесіне білімді әрі қауіпсіз тәсілмен қарауы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қаупін азайтады. Бұл да орталықтың басты міндеттерінің бірі. |Жастар денсаулық ортылығы жастар арасында танымал болып келеді және біз жұмыстың тиімділігін көріп отырмыз», – дейді №13 қалалық емхананың бас дәрігері Молдыбаева Әлия .

 

Tags: 3 мегаполисденсаулық орталығыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Бейбіт Атамқұлов жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысымен танысты

Next Post

Шымкентте көлік кептелісін болдырмау мақсатында бірнеше жоба әзірленген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі