basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттік жас эколог республикалық сайыста жүлделі орын алды

Қазан 9, 2020
in Uncategorized
0
Шымкенттік жас эколог республикалық сайыста жүлделі орын алды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта  өтті. Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен  сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға  Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.

Жыл сайын республика көлемінде өткізілетін форум 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар: виртуалды саяхат бойынша «Туған өлке тарихы» номинациясы, зерттеу жобалары – «Жасыл экономика» номинациясы мен «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы, видеороликтер презентациясы  бойынша «Экоболашақ» номинациясы, экодизайнерлер бойынша «Жасыл оазистер» номинациясы мен «Жеңіс мамыры» – панно немесе коллаж байқауы.

«Табиғатты аяла» форумның республикалық кезеңінің қорытындысының нәтижесінде №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Әсеретбек Нұрасыл Нұрланұлы «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I-дәрежелі дипломымен  және бағалы сыйлығымен марапатталды.

Ал «Экоболашақ» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейінің оқушысы Борашева Сара Асанқызы ынталандыру сыйлығын алды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан топтың жетекшісі «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ әдіскері Алагозова Салтанат ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Tags: 3 мегаполисжас экологМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте көлік кептелісін болдырмау мақсатында бірнеше жоба әзірленген

Next Post

Шымкент әкімі 189 орамдағы газ мәселесін бір айда шешуді тапсырды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі