Тек картопты ғана шекарадан шығаруға тыйым салынған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Ведомство төтенше жағдайға байланысты есеп жүргізіп, кортопты жаңа егіс науқанына дейін экспорттамау туралы шешім қабылдаған. Алмабек Марс, Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы: – Қырыққабат, сәбіз, пияз, қызылша өніміне ешқандай тыйым жоқ. экспортқа рәсімделіп отырған өнімдерден қырыққабат 7 мың тонна, оған 300-ден астам фитосанитарлық сертификат беріліп отыр. Пиязға 5 мың тонна рәсімделіп, шаруалар экспортқа Ресей Федерациясына шығаруды жоспарлап отыр. Сәбіз өніміне 240 тоннаға сертификат берілді. Сондықтан экспортқа шығаруға ешқандай қиыншылық жоқ.