basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент: Елімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсірілмек

Қазан 9, 2020
in Мәдениет
0
Шымкент: Елімізде алғаш рет цирк жайлы сериал түсірілмек
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сақ» киностудиясы мен «Шымкент-Цирк» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп түсіретін «Манеж» сериалының алғашқы көрсетілімі бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-Цирк» МКҚК-нің директоры Арман Алиев сериалдың мақсатын жеткізді.

– Сериалды түсірудегі негізгі мақсат – цирк өнерін насихаттап, оның қаншалықты күрделі сала екенін көрсету. Фильмде әртістердің төккен тері, ғажайыптар құпиясы және ерекше бағдарламалары көрсетіледі. Осы ретте көрермен республикадағы үшінші кәсіби цирктің құрылуын, қалыптасуын, сондай-ақ жастарды циркке баулуды және аңдармен жұмыс жасау өнері секілді қызықты оқиғаларды тамашалайды. Бұл сериал – еліміздегі алғашқы жоба, яғни, мұны Шымкенттің бренді ретінде қабылдауға болады, – деді Арман Махмұтұлы.

Идея авторы Шымкент қаласы «Сақ» киностудиясының режиссері Батырхан Дәуренбековтің айтуынша, бастапқыда 25 минуттан тұратын 10 бөлімі түсірілмек. Егер сериал көрермендерді қызықтырып жатса, жалғастырылады. Ал «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеевтің сөзінше, аталған фильм киностудияның өз қаржысына түсірілуде. Осы жылдың соңына дейін екі сериясын жарыққа шығару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қос шығармашылық ұжым бірлесе отырып, цирктің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсететін танымдық бұл көркем фильм Қазақ мемлекеттік циркінің 50 жылдығына арналады. Мұндағы сюжеттер «Шымкент-Циркте» және қаланың көрікті жерлерінде түсіріледі.

Tags: 3 мегаполисманежМұрат ӘйтеновСақсериалциркшымкент
Previous Post

Шымкентте жүргізуші куәлігі мен автокөліктерді делдалсыз тіркеуге насихаттайтын іс-шара өтті

Next Post

Шымкент әуежайы 5 млрд 200 мың теңгеге бағаланып отыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі