basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкенттегі мәдениет үйі республикада үздік деп танылды

Қазан 9, 2020
in Мәдениет
0
Шымкенттегі мәдениет үйі республикада үздік деп танылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани Қазына – 2020» республикалық байқауында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорыны «Үздік мәдениет үйі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музейде байқау жеңімпаздарын марапаттады. Әр номинация бойынша жеңімпаз ұжымға 1 000 000 теңге, әр номинация бойынша жеңген жекелей азаматқа 500 000 теңге табысталды. Жалпы номинация саны – 50.

Биыл мəдениет пен өнер саласы қызметкерлері арасында байқау елдегі эпидемиология жағдайын ескере отырып, алғаш рет онлайн форматта өтті.

Қыркүйектің 28-30 аралығында қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарады. Осымен үшінші рет өткен байқауға мемлекеттік музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарынан жалпы саны 259 өтініш түскен. Оның ішінде 119 – кітапхана, 90 – мәдени ойын-сауық ошағы мен 50 – музей бар.

Шымкент қалалық  мәдениет үйінде «Мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру», «Балалармен жұмыс», «Би ұжымы», «Эстрада және дәстүрлі әртістер ұжымы» және «Шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету» бөлімдері жұмыс атқарып келеді. Аталған ұйымға қарасты шалғай елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб бар.

 

 

Tags: 3 мегаполисАқтоты Райымқұловамәдениет үйішымкент
Previous Post

«Бес-алты пост жазылғанмен менің меселім қайтып қалмайды». Мұхамеджан Тазабеков өзін сынағандарға өткір жауап берді

Next Post

Шымкент: Тәуелсіздік саябағына сәндік ағаштар отырғызылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі