basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Мұрат Әйтенов жылыжайға қажетті құрал-жабдық өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты

Қазан 13, 2020
in Билік
0
Шымкент: Мұрат Әйтенов жылыжайға қажетті құрал-жабдық өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді.

Жоба құны – 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда зауыттан 100 гектардан астам өнеркәсіптік жылыжайлар кешендерін іске асыруға жабдықтар сатылған.

Сонымен бірге, қала әкімі Оңтүстік Кореялық технологиямен полиэтилен пленкасын (үлбір) және пластик бұйымдарын өндірумен айналысатын  «АК Ордасы Пластик» ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Айта өту керек, бұл – жылыжай шаруашылықтары үшін ені 12 метрлік үш қабатты пленка (үлбір) шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып табылады.

Бұл жобаның құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Зауыт тәулігіне үш қабатты жылыжайға арналған 25 тонна пленка және 5 тонна бақша пленкаларын (қалыңдығы 10 микроннан 300 микронға дейін)  өндіреді. Зауыт әртүрлі салаларға арналған пленкалардың (үлбірлердің) түрлерін шығарады. Атап айтқанда, жылыжай пленкасы, құрылыс полиэтилен пленкасы, гидроизоляцияға арналған пленка, шөгілетін пленка және стрейтч пленкалары.

Tags: 3 мегаполисжылыжайМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте кезекті "ЭКО-САНА" сенбілік акциясы өтті

Next Post

Шымкентте «HR-PROCESS» жүйесі арқылы 300-ден аса адам жұмысқа орналасты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі