Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр.
Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, денсаулық сақтау – 6 жоба, спорт – 4 жоба, абаттандыру – 15 жоба, төтенше жағдай – 1 жоба, ауыл шаруашылығы – 1 жоба, басқа да сала бойынша бір жоба атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, 54 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде инженерлік-инфрақұрылым – 4 жоба, көлік инфрақұрылымы – 2 жоба, спорт – 1 жоба, денсаулық – 1 жоба.
Шаһар басшысы нәтижесінде жеке инвестиция тарту арқылы 59,9 млрд.теңгеге бюджет жүктемесі төмендетілетінін мәлімдеді.