basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкентте бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалады

Қазан 21, 2020
in Спорт
0
Шымкентте бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды.

Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл  барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалада 856 спорттық нысан тіркелген. Одан өзге, спорт алаңшаларын салуға 95 жер телімі анықталған. Оның ішінде 9 жер теліміне мемлекеттік акт алынған болса, қалған 86 жер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жер телімдерін тиімді пайдалану мақсатында Мұрат Әйтенов сала басшысына  тапсырмалар жүктеді.

– Қаладағы бұқаралық спортты дамытудың концепциясын даярлау  қажет. Сонымен қатар, бөлінген 95 жер теліміне салынатын нысандардың арнайы картасын жасау керек. Оның ішінде аудан әкімдерімен бірге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шалғай елдімекендерде де спортты дамытудың жүйесі әзірленсін, – деді қала әкімі.

Олег Почивалов есеп беру сәтінде 1 қарашадан бастап аллеяларда жаппай спорттық жаттығулар ұйымдастырылатынын жеткізді. Уақыты  таңғы 07.30-да және кешкі 18.30-ға белгіленген. Халық көп жиналатын спорт алаңдары ретінде Абай саябағы, Металлургшілер саябағы, Отбасы аллеясы, Қошқар-Ата жағалауы, Тәуелсіздік саябағы, Орталық саябағы, Жеңіс саябағы, Дендросаябақ, Нұрсат шағын ауданындағы аллеясы және Қажымұқан атындағы Орталық стадион таңдалған.

Tags: 3 мегаполисбұқаралық спортМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент әкімі діни конфессия жетекшілерімен кездесті

Next Post

Шымкентте 82 мыңнан аса оқушы түрлі үйірмелерге қатысады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі