basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді

Қазан 21, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентке 6,2 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар жеткізілді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте тұрғындарды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Бүгінде жалпы сомасы 7,21 млрд. теңгені құрайтын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жеткізуге келісімшарттар жасалған. Бірыңғай дистрибьютормен 6,2 млрд. теңге көлемінде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры қалыптасты. Атап айтқанда, 2,1 млрд. теңгеге дәрілік заттар; 90 645 жеке қорғану құралдары жиынтығы; 3 219 121 дана медициналық бетперде және 864 499 дана медициналық қолғап алынды.

Қаладағы дәріханалар, дәрі-дәрмектер қоры мен бөлшек сауда бағаларына сәйкестігіне қарай мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала дәріханаларында 1,7 млрд.теңге көлемінде COVID-19 індетін емдеуге арналған дәрі-дәрмек қоры бар. Одан бөлек, 6,3 млн. медициналық бетперде қоры құрылған. Қалада орналасқан 2 өндірушінің өндірістік қуаты тәулігіне – 200 000 бетперде.

Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша қалаға қосымша 282 ИВЛ алынып, ИВЛ саны 612 бірлікке жетті (156 – ДМ, 126 – ЖБ, 20 – демеушілер). Жаңадан 121 жедел жәрдем автокөлігі жеткізілді.

Қорыта айтсақ, қалада медицина мекемелері дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына Covid19shymkent.kz сайты іске қосылды.  Онда әр тұрғын қала дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Tags: 3 мегаполисдәрі-дәрмекМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,6 миллиард теңгеге артқан

Next Post

Шымкент: Арғымақ тұрғын алабындағы инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі