basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: Абай ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді

Қазан 21, 2020
in Билік
0
Шымкент: Абай ауданының әкімі 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айдың қорытындысы бойынша Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов есеп берді.

Есепті кездесуге қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатысты. Аудан әкімі өз баяндамасында 9 айдағы атқарылған жұмыстарын, жеткен жетістіктерін айтты.

Ауданның барлық мүмкіндіктерін бағамдаған Мұрат Әйтенов кейбір салалар бойынша бірмаша ескертулер жасап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Мәселен, шалғай елді мекендері бар Абай ауданы ауыл шарушылығын дамытуға қолайлы өлке. Жалпы мұнда ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 26 мың гектардан асады. Төрт түлік саны былтырғы жылға қарағанда 44 пайызға өскен. Шаруашылықты дамытуға 197 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген. Осыны тілге тиек еткен қала әкімі  ет және сүт өнімін өндіру азайғанын айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдері қаланы әлі күнге дейін толық қамтамасыз ете алмай отырғанын сынады.

-Әрбір тұрғын алаптар мен шағын ауданның жеке потенциалын зерделей отыра, барлық елді мекенді жұмылдырып  ауыл шаруашылығын дамытудың нақты жүйесі жасалу керек. Сонымен қатар, мал бордақылау орындарына аса мән берілсін. Санитарлық нормалардың қатаң сақталуы бақылауға алынсын, – деді Мұрат Әйтенов.

Одан өзге, ауданда тұрғын үй салу құрылысының бәсеңдегенін жеткізді. Осы бойынша ауданға инвесторлар тартып, оларға қолайлы жағдай жасау жөнінде аудан әкімдігі мен тұрғын үй басқармасының басшысына тапсырма берді. Апатты жағдайдағы үйлерге мән беріп, көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіру керектігін айтты.

Шаһар басшысы дебиторлық қарыздар жөнінде де ескерту жасады. «Қарыздар жылу маусымы басталмай тұрып өндірілуі керек. Бұл мәселені шешу үшін жақын арада ұсыныс дайындаңыздар» – деді.

Қорытындылай келе, Президент тапсырмасына сәйкес халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды. iKomek арқылы мәселеге жедел ден қойылып, қала тұрғындары атқарылған жұмысты көре алуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, ретсіз сауда орындары, жабық базар мен ондағы жануарлар саудасын тез арада ретке келтіруді тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы – әкімдіктер заңсыздыққа қарсы әрекетсіз қалмауы керек деп сөзін түйіндеді.

Tags: 3 мегаполисАбай ауданыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстары пысықталды

Next Post

Шымкент: 136 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі