Шымкент қаласында 752 білім беру ұйымында 26 708 педагог қызмет етеді. Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептегі педагогтар саны – 15 578.
Бүгінде олардың 14761-і жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар, биыл «Өрлеу» арқылы 8 288 педагок курстан өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Одан өзге, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алып, тәжірбиелерін арттырған.
Сондай-ақ, мектептерде 190 ұстаз робототехника курсын, 200 информатика пәні мұғалімі жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсын тәмамдап, жаңа технологияларды меңгерген.
Маусым-шілде айларында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жалпы 4879 педагог оқытылған. Ал, тамызда «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді. Бұл Шымкент қаласында педагок кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысы жақсы деңгейді орындалып жатқандағын көрсетеді.