basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: 101 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді

Қазан 27, 2020
in Қоғам
0
Шымкент: 101 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша 224 отбасы әлеуметтік несиелендіру шартымен тұрғын үймен қамтылған. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 114, толық емес отбасылар – 60, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы – 50. Сонымен қатар, «2-10-20» – «Бақытты отбасы» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша бастапқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттің есебінен бөлінген 100 млн. теңгеге 101 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді.

Одан бөлек, 1 қазандағы жағдайға сәйкес, «7-20-25» тұрғын үй бағыты бойынша 885 азамат жаңа пәтердің кілтін алған.

Жыл  соңына дейін «7-20-25», «2-10-20» бағыттары бойынша 4 несиелік үй, «5-20-25» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы ЖАО-да кезекте тұрғандарға 16 несиелік үй, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша банк салымшыларына (ЖАО-да кезекте тұрғандарға – 50%, салымшыларға – 50%) 6 кредиттік үй пайдалануға беріледі.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновНұрлы жершымкент
Previous Post

Шымкент: Жер қойнауын пайдаланушыларға өлшеу құралдары орнатылды

Next Post

Шымкент: Қала әкімі Базарқақпа тұрғын алабының өзекті мәселесімен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі