basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде

Қараша 4, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалуының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгінде көшелердегі ирригациялық арықтар толықтай қоқыстан тазартылып жатыр.

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі ұзындығы 97,7 км келетін 9 өзен-канал  (Қошқар ата, Қарасу өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа-Шек, Компас, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары) мен орталық көше бойларындағы 585 км ирригациялық жүйелерді санитарлық тазалау жұмыстары  жүргізілуде.

Бұдан бөлек, су алу қаупі бар 38 мекенжайға 15,5 шақырым ирригациялық жүйе салынып жатыр. Аталған жұмыстар барысында Бәйдібек би көшесі Алтын сарай тойханасының алды, Төлеметов көшесіндегі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесі №115 мектептің алды,  Көшеров көшесі, Дорого №1 темір жол көпірі, Жібек жолы көшесіндегі Тесік көпір өткелі сынды бірқатар өзекті нүктелердегі мәселелер шешімін таппақ.

Сонымен қатар, су басудың алдын алу мақсатында ирригация жүйелердің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналы арнасын Казбакалейторгтан Аймауытов көшесіне дейін 4,4 шақырым арыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Tags: 3 мегаполисирригациялық арықтарМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкенттегі ПТР зертханалары күніне 3500-ге жуық тест қабылдауға қауқарлы

Next Post

Мұрат Әйтенов: Халық ақшасы - халыққа жету керек

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі